ЭКСПО 2020-Дубай жобасына демеушілік

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефон номерлері:
+7 7172 91 70 93

+7 775 959 11 10

Дүниежүзілік ЭКСПО 2020 Дубай көрмесі 2021 жылдың
1 қазанынан 2022 жылдың 31 наурызына дейін «Ақыл-ойды біріктіре отырып, болашақты қалыптастыру» тақырыбында өтеді
438
га аумақ
182
күн
25
млн. келуші
192
ел
70%
шетелдік келушілер

Көрменің тақырыбы үш тақырыпшадан тұрады: «Мүмкіндіктер», «Мобильділік» және «Тұрақты даму».

Қазақстан Республикасының Ұлттық павильоны «Мүмкіндіктер» тақырыптық кластерінде, БАӘ, АҚШ, Швейцария, Аустрия, Сауд Арабиясы Корольдігі, ҚХР, Жапония, Үндістан және Беларусь Республикасының ұлттық павильондарына тікелей жақын жерде орналасқан.

Павильон бейнесі дәстүрлі шығыс сәулетінен шабыт алған, заманауи цифрлық шешімдер мен дәстүрлердің синтезін, сондай-ақ Қазақстанның ашықтығын бейнелейді.

ҚР Ұлттық павильоны 3 қабаттан тұрады, 2 қабатында 4 көрме аймағы бар. Павильон аумағы – 3 400 ш.м., ол орта санаттағы павильондарға жатады.

Көрменің «Ақыл-ойды біріктіре отырып, болашақты қалыптастыру» тақырыбы аясында ҚР павильонының мазмұны Қазақстанның өткеніне, бүгініне және болашағына саяхатты білдіреді.