Баспасөз орталығы / Жаңалықтар

Қазақстан «ЭКСПО-2020 Дубай» көрмесінің Комиссарлар Алқасының Басқарушы Комитетіне сайланды
2019-12-06

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ делегациясы Ұлттық компания Басқармасы Төрағасының орынбасары – ЭКСПО-2020 Дубай Дүниежүзілік көрмесінде Қазақстан секциясының Бас комиссары А. Шәйжүнісовтің басшылығымен 29-30 қараша күндері Дубай қаласында (БАӘ) өткен Көрменің IV Халықаралық қатысушылар жиналысына (ХҚЖ) қатысты.

Іс-шара аясында ЭКСПО-2020 ұйымдастырушысының, Халықаралық көрме бюросының басшылығымен кездесулер өткізілді.

Кездесу барысында ЭКСПО-2020 Дубай Ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасының Көрмеге қатысуға дайындығы туралы хабардар болды.

Бұдан басқа, ХҚЖ аясында ЭКСПО-2020 Дубай Комиссарлар Алқасының Басқарушы Комитетінің құрамын анықтау бойынша қатысушы-елдердің дауыс беруі өтті.

Басқарушы Комитеттің мүшелері Көрмеге қатысатын Халықаралық Көрмелер Бюросына мүше-мемлекеттердің ұлттық секцияларының Комиссарларынан сайланады. Дауыс беру нәтижелері бойынша, Астана ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін табысты өткізгені ескеріле отырып, Қазақстан алғаш рет Басқарушы Комитеттің құрамына сайланды.

Басқарушы Комитет құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу және павильондардың операциялық қызметі шеңберінде ЭКСПО-2020 Дубай Ұйымдастырушысымен туындаған барлық мәселелерді шеше отырып, Көрмеге қатысушы елдердің мүдделерін білдіреді, сондай-ақ, олардың Көрмеге табысты қатысуын қамтамасыз ету үшін елдерге консультациялық қолдау көрсетеді.

Еске сала кетсек, Дүниежүзілік ЭКСПО көрмесі Дубай қаласында 2020 жылдың 20 қазаны мен 2021 жылдың 10 сәуірі аралығында «Болашақ үшін сана сезімді біріктіру» тақырыбында өтеді.

ЭКСПО-2020 Дубай Ұйымдастырушысының ақпараты бойынша 192 ел Көрмеге қатысатынын растаған. Алты ай ішінде көрмеде 25,2 млн. келіп кетуші болады деп күтілуде.

Қазақстан Республикасының Ұлттық павильонында еліміздің тарихы, мәдениеті мен дәстүрі, цифрландыру, көліктік-логистикалық әлеует саласындағы стратегиялық бағдарламаларды жүзеге асыру, халықаралық аренадағы жаһандық бастамалар мен инновациялық технологияларды дамыту және басқа да бағыттар ұсынылады. ЭКСПО-2020 Дубайда ҚР Ұлттық күні 2020 жылдың 1 желтоқсанына жоспарланған.

ЭКСПО 2017 әлеуметтік желіде
Тіркел! Оқы!
ЭКСПО мұрасы
Astana EXPO 2017 - Happy
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2020© QAZEXPOCONGRESS