Баспасөз орталығы / Жаңалықтар

ЭКСПО іскерлік орталығында Мемлекет басшысы Еріктілер жылына бастау берді
2019-12-11

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жастар жылының жабылу рәсіміне қатысып, елдегі Еріктілер жылына бастау берді. Іс-шара ЭКСПО іскерлік орталығының аумағында еліміздің барлық аймақтарынан 500-ге жуық жастар өкілі, олардың ішінде «Қазақстан студенттері альянсының» көшбасшылары, «Жас кәсіпкер» жобасына қатысушылар, еріктілер ұйымының өкілдері және «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты қатысты.

Еріктілер жылының салтанатты ашылу рәсімі халықтың әлсіз топтарын жан-жақты қолдауға және азаматтық қоғамның белсенділігін арттыруға бағытталған, ауқымды іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша идеяның алдын орады.

«Еріктілік-бұл тек тегін жұмыс емес, бұл азаматтардың жауапкершілік көрсеткіші және әлемді жақсы жағына қарай ауыстыруға әзірлігі», – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, іс–шара барысында Қазақстан жастарының зияткерлік банкі тұрақты негізде жұмыс істейтін, ЭКСПО іскерлік орталығының аумағында «ArtHUB» шығармашылық бастамаларды қолдау орталығын құру туралы хабарланған болатын. АХҚО, Astana Hub, IT-University және Елбасы Н. Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылған Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы сияқты ірі жобалармен қатар, «ArtHUB» орталығын құру ЭКСПО іскерлік орталығын дамытуға жаңа серпін береді.

Салтанатты рәсім аясында Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аппарат пен ұлттық компаниялар қызметкерлеріне корпоративтік еріктілікпен айналысуды ұсынды.

Ұлттық компания астананың экологиялық іс-шараларына және республикалық әлеуметтік жобаларға әрдайым қатысатындықтан, «Астана ЭКСПО-2017» Президентіміздің бастамасын зор ықыласпен қолдады және Қазақстанның дамуына үлес қосуға әрдайым дайын.

 

ЭКСПО 2017 әлеуметтік желіде
Тіркел! Оқы!
ЭКСПО мұрасы
Astana EXPO 2017 - Happy
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2020© QAZEXPOCONGRESS