Баспасөз орталығы / Жаңалықтар

Демалыс күндері ЭКСПО іскерлік орталығы 10 мыңнан астам келушіні қарсы алды
2020-01-06

ЭКСПО іскерлік орталығы Жаңа жыл кезінде қонақтар ең көп келетін орындардың біріне айналды. Астана қонақтары мен тұрғындары түрлі ойын-сауық бағдарламаларына, балаларға арналған ертеңгіліктерге, сонымен қатар қызықты мұз төбешіктеріне тәнті болды. Бұған қоса бас қаламыздың ең танымал көрнекі жерлерінің бірі болып саналатын «Нұр Әлем» Cферасының маңында еліміздің Бас шыршасы орналастырылды.

Бұған қоса сыйымдылығы 200 адамды құрайтын ЭКСПО мұз айдыны қыс бойы келушілерді қарсы алуды жалғастырады. Барлық қонақтар жалға коньки ала алса, ал балалар мұз айдынында тепе-теңдікті арнайы құрал-жабдықтың көмегімен сақтай отырып, сырғанай алады. Жұмыс күндері мұз айдыны сағат 12:00-ден бастап 23:00-ге дейін жұмыс істесе, демалыс күндері келушілерді сағат 10:00-ден бастап 23:00-ге дейін күтеді.

Келушілердің жайлылығын қамтамасыз ету үшін мұз айдынның аймағында жерасты тұрақ, киім ауыстыру бөлмелері мен қоғамдық тамақтану орындары жұмыс істейді.

ЭКСПО іскерлік орталығы кешкі уақытта жарқын оттармен жарқырап, ал «Нұр Әлем» Сферасының медиа қасбеті естен кетпес керемет суреттерге түсуге мүмкіндік беретінін назарға алған жөн.

ЭКСПО 2017 әлеуметтік желіде
Тіркел! Оқы!
ЭКСПО мұрасы
Astana EXPO 2017 - Happy
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2020© QAZEXPOCONGRESS