Баспасөз орталығы / Жаңалықтар

Дубайда ЭКСПО-2020 Дүниежүзілік көрмесінің Жетекші Комитетінінің Комиссарлар Алқасының бірінші отырысы болып өтті
2020-02-05

Бүгін, 5 ақпанда, БАӘ, Дубайда ЭКСПО-2020 Дүниежүзілік көрмесінің Жетекші Комитетінінің Комиссарлар Алқасының бірінші отырысы болып өтті. Алқаның жұмысына «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары — Қазақстан Республикасы секциясының Бас комиссары Аллен Шәйжүнісов қатысты.

Күн тәртібінде көрменің дайындық және операциялық кезеңінің мәселелері, соның ішінде павильондар құрылысы, логистика, коммерциялық қызмет, келушілер ағынын басқару, объектілердің қауіпсіздігі, көрмені контентпен толтыру және басқалар талқыға салынды.

Еске сала кетейік, IV Халықаралық қатысушылар жиналысының шеңберінде ЭКСПО-2020 Дубай көрмесінің Комиссарлар Алқасының Жетекші Комитетінің құрамын анықтау бойынша қатысушы елдердің дауыс беру рәсімі болып өтті. Жетекші Комитеттің мүшелері, Көрмеге қатысып отырған Халықаралық Көрмелер Бюросына мүше мемлекеттердің ұлттық секцияларының Комиссарлары арасынан сайланады.

Дауыс беру қорытындысы бойынша, Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің ойдағыдай өткізілгенін ескере отырып, Қазақстан алғаш рет Жетекші Комитеттің құрамына сайланды.

«Ақыл-ойды біріктіріп, болашақты құрамыз» тақырыбындағы ЭКСПО-2020 дүниежүзілік көрмесі Дубай қаласында (БАӘ), 2020 жылғы 20 қазаннан бастап 2021 жылғы 10 сәуірге дейінгі аралықта өтеді. Көрмеге 25 млн. астам адам келетіні күтілуде. Қазіргі уақытта, 192 ел көрмеге қатысатынын растады.

ЭКСПО 2017 әлеуметтік желіде
Тіркел! Оқы!
ЭКСПО мұрасы
Astana EXPO 2017 - Happy
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2020© QAZEXPOCONGRESS