Баспасөз орталығы / Жаңалықтар

ЭКСПО-2020 көрмесіндегі Қазақстан павильонына екі миллионнан астам адам келеді
2020-02-04

Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі алқасының кеңейтілген отырысында ведомство басшысы Бақыт Сұлтанов айтты.

«Биылғы «ЭКСПО-2020 Дубай» дүниежүзілік көрмесі «Ақыл-ойды біріктіріп, болашақты құрамыз» тақырыбына арналып отыр». Қазақстан павильоны АҚШ, Швейцария, Италия, Түркия павильондарының жанындағы «Мүмкіндіктер» тақырыптық кластерінде орналасатын болады. Өткізу қабілетінің арқасында біздің павильонымызбен жарты жылдың ішінде 2 млн-нан астам адам танысады деп жоспарлап отырмыз», - деп атап өтті Бақыт Сұлтанов. 

Бұдан бөлек, Сауда және интеграция министрі хабарлағандай, биыл Қазақстандағы EXPO Іскерлік орталығының аумағында ДСҰ 12-ші Министрлік конференциясы өтеді. 

«Конференция ДСҰ-ның жоғарғы жетекші органы болып табылады, оның отырыстары екі жылда бір рет өткізіледі. ДСҰ-ның 160-тан астам елінен, 20 бақылаушы елден жоғары деңгейлі делегаттардың, сондай-ақ халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардан, ТҰК, әлемдік БАҚ өкілдерінің келетінін күтіп отырмыз», - деп хабарлады Б. Сұлтанов.

Еске сала кетейік, ең ірі халықаралық іс-шараларды ұйымдастырудағы елеулі және сәтті тәжірибені, кез келген пішімдегі конгресс-көрме іс-шараларын ең жоғары деңгейде өткізуге арналған барлық қажетті инфрақұрылымды және материалдық-техникалық жасақтаманы, ескере отырып, «Астана ЭКСПО-2017» (QAZEXPOCONGRESS) ұлттық компаниясы МК-12 ұйымдастырып жүргізудің негізгі операторы болып анықталды. Ұлттық Компания, Дубай (БАӘ) қаласында өтетін ЭКСПО-2020 дүниежүзілік көрмесіне Қазақстан Республикасының қатысуын қамтамасыз етуге де жауапты.​

 

ЭКСПО 2017 әлеуметтік желіде
Тіркел! Оқы!
ЭКСПО мұрасы
Astana EXPO 2017 - Happy
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2020© QAZEXPOCONGRESS