Баспасөз орталығы / Жаңалықтар

EXPO Іскерлік орталығының аумағында еріктілердің фронт-офисі іске қосылды ⠀
2020-02-12

Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «BIRGEMIZ» атты еріктілердің республикалық фронт-офисін іске қосу рәсіміне қатысты. Еріктілер қозғалысының офисі EXPO аумағындағы «Art Hub» павильонында орналасқан.⠀ Шара барысында мемлекет басшысы еріктілердің алдында сөз сөйлеп, жастардың бұл қозғалысы заманауи Қазақстанды дамыту жолындағы ең негізгі қадамдардың бірі екенін айтты.

Бұдан бөлек, ашылу рәсімі кезінде Президент Қазақстанның еріктілер қозғалысының елшісі деген құрметті атағына ие болды.⠀ Айта кетейік, фронт-офис – үйлестіру жұмыстарымен айналысып, еріктілерге қатысты жобалардың қоғамдық мониторингін жүргізетін кеңес беру, әдістемелік, оқыту және ақпараттық орталығы. ⠀

Естеріңізге сала кетейік, EXPO Іскерлік орталығы елімізде еріктілер қозғалысын дамыту жолындағы салтанатты шараларды өткізуге арналған алаңға айналды. 2019 жылдың желтоқсан айында мемлекет басшысының қатысуымен Қазақстанда «Еріктілер жылының» басталуына орай салтанатты рәсім өткен болатын.

 

ЭКСПО 2017 әлеуметтік желіде
Тіркел! Оқы!
ЭКСПО мұрасы
Astana EXPO 2017 - Happy
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2020© QAZEXPOCONGRESS