Қазақстан астанасында Kazakhstan Energy Week 2025 басты оқиғасы болған XVI Еуразиялық KAZENERGY форумы жұмысын аяқтады. Форумға Қазақстан Үкіметінің мүшелері, Орталық Азия елдерінің ресми делегациялары, халықаралық ұйымдардың басшылары, әлемнің ірі энергетикалық компанияларының топ-менеджерлері, сондай-ақ жетекші сарапшылар мен ғылыми қоғамдастық өкілдері жиналды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан қатысушыларға Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов құттықтау сөз сөйледі. Мемлекет басшысы KAZENERGY қауымдастығын 20 жылдығымен құттықтап, энергетика саласы ауқымды өзгерістерге ұшырағанын атап өтті.
Олжас Бектенов өз сөзінде Қазақстанның мұнай-газ секторы тек қана шикізат болып қалмайтынын және қазіргі заманғы өнеркәсіптік-технологиялық кластерге айналатынын атап өтті. Ол сондай-ақ елдің болашағы технологиялық прогреспен тікелей байланысты екенін мәлімдеді және Қазақстан ОПЕК+шеңберіндегі міндеттемелерге адал болып қала беретінін еске салды.
Форумға қатысушыларға ОПЕК Бас хатшысы Хайтам Әл-Гайс сөз сөйлеп, Қазақстанның жетекші өңірлік энергетикалық хаб болуға барлық алғышарттары бар екенін атап өтті.
Форумда Адами капиталды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. “Жұмысшы мамандықтар жылы: адамдардың энергиясы” панельдік сессиясында ҚР Энергетика министрлігі аппаратының басшысы Жанар Жарылғасова Қазақстанның энергетиканы жаңғырту және жасыл ауысу мақсаттарын іске асыру жөніндегі қадамдары туралы айтып, саланың бәсекеге қабілеттілігінің басты факторы адамдар екенін атап өтті.
Назарбаев Университетінің президенті Вакар Ахмад академиялық қоғамдастықтың, индустрия мен мемлекеттің кадрлық әлеуетті қалыптастыру үшін өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтті, ал Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстан өңірде алғашқылардың бірі болып жоғары білімнің міндетті элементі ретінде жасанды интеллектті енгізіп жатқанын айтты.
Форумға әлемнің 50 елінен 2,5 мыңнан астам делегат, оның ішінде энергетика секторындағы 300-ден астам ірі компаниялардың өкілдері қатысты.