15-16 қазан күндері Астана халықаралық форумы (AIF) бастамасымен және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының қолдауымен EXPO іскерлік кешенінде Astana Think Tank Forum 2025 өтеді.
Іс-шара жаһандық тұрақтылықты нығайту және поляризациядан серіктестік құруға көшу бойынша практикалық ұсыныстар алмасудың негізгі алаңы болады.
Форум зерттеушілер, сарапшылар, халықаралық ұйымдардың, үкіметтік құрылымдардың және іскер топтардың арасындағы ашық және конструктивті диалогқа жәрдемдесуге бағытталған. Форумның негізгі міндеттері: халықаралық тұрақтылық пен сенімді нығайтуға бағытталған инклюзивті және тұрақты өзара іс-қимыл форматтарын дамыту бойынша тәсілдерді әзірлеу, сондай-ақ Қазақстанды халықаралық ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететін стратегиялық серіктес ретінде көрсету.
Astana Think Tank Forum халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылау үшін маңызды жаһандық сарапшылық алаң ретінде танылды.
Форум туралы ақпарат AIF – astanainternationalforum.org сайтында орналасқан.