Дінмұхамед Әбсаттаров «QazExpoCongress» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
Д. Әбсаттаров 1978 жылы Қызылорда облысында туған. 2001 жылы М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын бітірді.
2005 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін мұнайшы-инженер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2000 жылы «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» АҚ-да экономикалық жоспарлау бөлімінде экономист болып бастаған.
2002-2006 жылдары Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімінің кеңесшісі, Қызылорда облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы бөлімінің меңгерушісі, әкім аппаратының инспекторы, Қызылорда облысы әкімінің көмекшісі болып жұмыс істеді.
2006-2010 жж. – Қызылорда облысының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті директорының орынбасары, Өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасының басшысы.
2010-2011 жж. – ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Көлік жолдары комитетінің Қызылорда облысы бойынша департамент директорының орынбасары.
2011-2012 жж. – Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы.
2012-2013 жж. – «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП Басқарма мүшесі.
2013-2014 жж. – Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры.
2014-2019 жылдары ҚР «Атамекен» ҰКП-да әртүрлі қызметтер атқарды.
2020 жылдың ақпанынан 2021 жылдың сәуіріне дейін – «Қорғас» шегара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы «Арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы.