Халықаралық балаларды қорғау күніне орай NUR ALEM болашақ энергиясы мұражайы 16 жасқа дейінгі балалар үшін тегін жұмыс істейді. Баршаға ұнайтын экспонаттар, интерактивті қондырғылар, виртуалды ойындар аймағы және т.б. балалар мерекесін жасыл технологиялар әлеміне жасайтын танымдық саяхатқа айналдырады.
Сонымен қатар бұл күні мұражайдың бірінші қабатында Даун синдромы бар балаларға арналған «Күн әлемі» фотокөрмесі өтеді. Фотоэкспозиция Әлімжан Баранқұлов пен Валерий Калиевтің күн балаларының бірегей әлемін бейнелейтін 30-дан астам авторлық жұмыстарынан тұрады.
Фотокөрме кейіпкерлері – Нұр-Сұлтан қаласының балалары мен жасөспірімдері, түсірілім кезінде ең кішкентай қатысушының жасы небәрі тоғыз ай, ең үлкені жиырма жаста болған.
Фотокөрме 2015 жылы мүгедек балалардың ата-аналарының бастамашыл тобы құрған «Солнечный мир» қоғамдық қорымен ынтымақтастықта ұйымдастырылды.
NUR ALEM болашақ энергиясы мұражайы кезекті рет мәдени, білім беру және әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға арналған алаң, сондай-ақ қарым-қатынас жасау мен білім алмасуға арналған интерактивті орта құрып отыр. Көрме 1-10 маусым аралығында өтеді.
Мұражайдың жұмыс кестесі сейсенбіден жұмаға дейін сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін, сенбі, жексенбі және мереке күндері сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін жұмыс істейді, ал дүйсенбі – техникалық күн.