2021 жылғы 22 маусым күні Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың халыққа есеп беру кездесуі өтеді.
Кездесу барысында министр ведомство жұмысының негізгі нәтижелері мен орта мерзімді жоспарларға тоқталады.
Кездесу ZOOM арқылы онлайн режимде сағат 11:00-де өтеді. Сондай-ақ министрліктің Facebook және YouTube платформаларында тікелей эфирде трансляцияланады.
Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды келесі байланыс арналары арқылы жібере аласыз:
– министрдің «Ашық диалог» порталындағы блогы (https://dialog.egov.kz/blogs/2293760/welcome);
– министрліктің ресми сайтындағы «Сұрақ-жауап» онлайн-қабылдауы (https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/virtual-reception/1?lang=ru);
– mti_press@mti.gov.kz электрондық поштасы;
– министрліктің Facebook-тегі ресми аккаунтына хабарлама жіберу арқылы.
Сонымен бірге сұрақтар мен ұсыныстарды жіберерде «Есеп беру кездесуі үшін» деп белгілеу қажет. Министр барлық сауалдарға тікелей эфирде жауап береді.
Сұрақтарды өңдеу және олар бойынша сапалы және сенімді ақпарат дайындауға уақыт қажет болғандықтан, оларды 21 маусымға дейін жіберуді сұраймыз.
Анықтама телефондары: +7 7172 74 98 94, +7 701 701 01 34.