«QazExpoCongress» Ұлттық компаниясы» АҚ Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау бойынша конкурстық іріктеу туралы.
9 баптың 6-тармағына сәйкес, Қоғамдық кеңестерді құру тәртібі «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383-V Заңы «QazExpoCongress» ҰК» АҚ Қоғамдық кеңестің мүшелерін сайлау бойынша конкурстық іріктеу жариялайды.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтар арасынан конкурсқа қатысуға үміткерлер бойынша ұсыныстарды Қоғамдық кеңес осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 күн ішінде жазбаша түрде қабылдайды.
Тендер өткізу мерзімі: құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін он жұмыс күні ішінде
Қоғамның Қоғамдық кеңесінің сандық құрамы 10 адамды құрайды, оның 3-і Қоғамнан және 7-і коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтардан болады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы бола алады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:
– соттылығының болмауы;
– заңда белгiленген тәртiппен сот сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты жасауға кiнәлi деп танылмауы;
– денсаулық сақтау ұйымдарында психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты есепте тұрмауы қажет.
Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл, ал бір адам бір ғана Қоғамдық кеңестің мүшесі болып сайлана алады.
Конкурсқа жоғарыда көрсетілген талаптарға сай келмейтін үміткерлер жіберілмейді.
1) коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат ұсыну туралы өтініші (1-қосымша);
2) өмірбаяндық деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіби және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер (2-қосымша).
3) соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама;
4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі, коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарының көшірмесі, жеке куәлік, коммерциялық емес ұйымға қатысушылардың өкілі лауазымын растау туралы шешімі/хаттамасы болуы қажет.
Конкурсты өткізу мерзімі: 2021 жылдың 10 маусымына дейін (құжаттарды қабылдаудың соңғы күні – 2021 жылдың 10 маусымы)
Байланыс мәліметтері:
«QazExpoCongress» ҰК» АҚ заңды мекенжайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 53/2 (байланыс телефондары: +7 7172 917 198, 87052980022),
Құжаттарды электронды түрде m.bulegenova@expo2017astana.com электронды поштасына жіберуге болады.