10 маусым Астана қаласында Халықаралық көрмелер бюросының бағалауы бойынша тарихтағы ең үздік EXPO көрмесінің бірі болған EXPO-2017 Халықаралық мамандандырылған көрменің басталған уақытынан бері 4 жыл өтті.
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2018 жылы мақұлдаған EXPO кешенін көрмеден кейін пайдалану тұжырымдамасын іске асыру барысында көрме кешені елорданың жаңа іскерлік орталығына айналды.
EXPO базасында іскерлік белсенділікті ынталандыру және жетекші даму институттарын тарту үшін толыққанды бизнес-орта қалыптастырылды. Сонымен қатар кешен аумағында кез келген күрделілік деңгейіндегі іс-шараларды өткізу үшін қажетті жабдықтармен жарақтандырылған заманауи алаңдар жұмыс істейді.
Дамыған сауда, қонақ үй және көлік инфрақұрылымы іскерлік орталық экожүйесінің тұрақты дамуына қолайлы жағдай жасайды.
Осылайша Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың астананың іскерлік орталығын құру туралы идеясы табысты іске асырылуда.
EXPO жаңа іскерлік орталығының 25 га аумағында 120 мың м². паркингі бар жалпы ауданы 350 мың м² болатын 15 нысан орналасқан. Көрмеден кейін пайдалану тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде объектілердің ауданы 75 мың м² ұлғайтылды, олардың толымдылығы бүгінгі күні 98%-ға жетті.
2023 жылдың басынан бастап компания өзін-өзі толық өтеуге шығуы жоспарлануда.
Көрме кешенінің маңызды нысандарының бірі жаңа іскерлік орталықтың символына және туристерді тартатын орынға айналған – NUR ALEM болашақ энергиясы мұражайы.
2018 жылдан бастап мұражайда еліміздің барлық өңірлерінің қатысуымен 150-ден астам ойын-сауық және білім беру іс-шаралары өткізіліп, 500-ден астам Kids&Students Future Energy ашық сабақтары ұйымдастырылды.
Көрмеден кейінгі кезеңде NUR ALEM-ге 800 мыңнан астам адам келді. Шетелдік туристердің 15% ТМД, Қытай, АҚШ, Германия, Италия, Үндістан және т.б. елдерінен келген.
Ұлттық компанияның активінде 2 102 орындық негізгі залы бар Конгресс орталығы және көпфункционалды алаңы және әртүрлі форматтағы конгрестік-көрме іс-шараларын өткізуге арналған Орталық Азиядағы ең ірі көрме орталығы – «EXPO» халықаралық көрме орталығы бар.
Бұған бөлек, Ұлттық компания сауда инфрақұрылымын құру бойынша жұмыс жүргізуде, оның шеңберінде 4 трансшекаралық хаб құру жоспарланып отыр.
Оларды дамытудың негізгі бағыттары: өндірістік кооперация, АӨК өнімдерін қайта өңдеу және сақтау, мультимодальдық тасымалдау, трансшекаралық сауда, сондай-ақ қоймалау және сақтау.
2021 жылғы 1 қаңтарынан бастап Мәскеу қаласында ХШЖК аумағында орналасқан «Қазақстан» сауда-көрме орталығы Ұлттық компанияның балансына қабылданды. Павильонның мақсаттарының бірі – қазақстандық тауарларды Ресей нарығында ілгерілету.
Қазақстан Республикасының «EXPO-2020 Dubai» дүниежүзілік көрмесіне қатысуын ұйымдастыру және дайындау аясында Ұйымдастыру комитеті белгілеген кестеге сәйкес Ұлттық павильонның құрылыс-монтаждау жұмыстары 100%-ға аяқталды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық павильоны Біріккен Араб Әмірліктерінің ұлттық павильонына, Emirates, DP World, Enoc және АҚШ, Сауд Арабиясы Корольдігі, Германия, Италия, Жапония, Швейцария, ҚХР және т.б. елдердің корпоративтік павильондарына тікелей жақын жердегі «Мүмкіндіктер» тақырыптық кластерінде орналасқан.
Биылғы жылдың 1 қазанында қатысушы елдердің төтенше және өкілетті елшілері шақырылған, көрменің ашылу салтанаты өтеді, 1 желтоқсанда еліміздің Премьер-Министрінің қатысуымен ҚР Ұлттық күнін өткізу жоспарланған, 16 желтоқсанда ҚР Тәуелсіздік күні және Наурыз мейрамы 2022 жылдың 22 наурызына жоспарланған.