Қоңыр күзде өміріңізге жарқын түстер қосу үшін елорданың үздік суретшісі Елена Ралинаның «Жылдың жеті күнінде» атты жеке көрмесін тамашалауға келіңіз. Суретші біздің қиялымызды ояту арқылы үшінші сананы қалыптастыратын секілді. Оның әр көрмесі өзгеше. Қарап тұрып ештеңе байқамай да қалуыңыз мүмкін.
«Түстер — менің жұмысымның басты артықшылығы», – дейді Елена. – Түс арқылы есеңгіретіп, таңғалдыруды жақсы көремін…».
2021 жылдың 2 қазаны мен 2 қарашасы аралығында NUR ALEM болашақ энергиясы мұражайында Елена Ралинаның «Жылдың жеті күнінде» атты жеке сурет көрмесі ашылады.
Елена Ралина – халықаралық сыйлықтардың лауреаты, MONDIAL Академиясының толық мүшесі (Франция), Микеланджело халықаралық сыйлығының иегері және 2021 жылдың үздік суретшісі (Италия). Автор 17 жеке халықаралық көрме өткізіп, Ресей, Чехия, Италия, Финляндия, Сербия, Словакия, Польша, Қытай, Корея, Маврикий, АҚШ, Үндістан, Германия, Франция, Қырғызстан, Жапония, Литва және басқа елдерде 200 халықаралық топтық экспозицияға қатысқан. Қазақстандық суретшінің жұмыстары әлем мұражайларында және жеке коллекцияларда сақтаулы.
Сонымен қатар Елена Ралина бүкілодақтық, республикалық және қалалық көрмелерге қатысқан, дипломдар мен грамоталардың иегері, альбомдар, арт журналдар, кітаптар, каталогтар да шығарған. Оның елордада ашылған «Ralina-art орталығы» бейнелеу өнері студиясы түрлі техникалар мен материалдарды пайдалана отырып, сурет салуды, кескіндеме, композиция жасауды үйретуге арналған. Студияның көптеген шәкірттері елдің мамандандырылған көркемөнер оқу орындарында білімдерін жалғастырып жатыр.
Көрмені NUR ALEM Сферасына кіру билеті бойынша тамашалауға болады.
Сұрақтарыңыз болса, А. Қалиге +7 701 390 96 88 байланыс телефонына, a.kali@qazexpocongress.kz эл. поштасы арқылы хабарласуға болады.