2021 жылғы 28 қыркүйекте Қазақстан Республикасындағы Башқұртстан Республикасының инвестициялық және экономикалық әлеуетінің презентациясы шеңберінде Конгресс орталығы алаңында «QazExpoCongress» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мен Башқұртстан Республикасының Конгресс бюросының «Офис-группа» ұлтаралық және халықаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі іс-шараларды дайындау және іске асыру жөніндегі дербес коммерциялық емес ұйым арасында меморандумға қол қою рәсімі өтті.
Меморандумға «QazExpoCongress» ҰК» АҚ атынан Басқарма Төрағасының орынбасары Бауржан Бекешев, ал Башқұртстан Республикасының Конгресс-бюросы тарапынан директор Ильдар Сафин қол қойды.
Меморандум конгресс-көрме қызметінде бірлескен перспективалық жобаларды іске асыру үшін маңызды вектор болады, сондай-ақ екі елдің іскерлік, коммерциялық және сауда байланыстарын нығайтуға қызмет етеді.
Келісім сондай-ақ көрме-жәрмеңке және конгресс қызметі саласындағы жалпы басымдықтарды дамытудағы өзара тиімді ынтымақтастыққа бағытталған.
Бұған қоса, тараптар саланы дамыту мәселелерін шешуде көмек көрсетуге және көрме іс-шараларына ақпараттық қолдауды қамтамасыз етуге уағдаласты.