2021 жылдың 1 қазанында Татарстан Республикасының президенті Рустам Минниханов Дубайдағы EXPO-2020 дүниежүзілік көрмесіндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық павильонына келді.
Сапар барысында Татарстан президенті павильонның экспозициясымен танысты. Рустам Миннихановқа Қазақстанның тарихы, мәдениеті мен дәстүрі, табиғи ресурстардың байлығы, сондай-ақ Қазақстанның туристік, технологиялық және инвестициялық мүмкіндіктері туралы айтылды. Татарстан президенті павильонның мазмұнын жоғары бағалады.
Бұған дейін Минниханов Дубайдағы EXPO-2020 көрмесіндегі ресейлік павильонның ашылуына қатысты. Ресей павильоны Татарстан экспозициясымен ашылады және алдағы 10 күнде аумақта республиканың ақпараттық технологиялар саласындағы жетістіктері таныстырылады.
EXPO-2020 Dubai көрмесіндегі Қазақстанның Ұлттық павильоны туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық павильоны «Мүмкіндіктер» деп аталатын тақырыптық кластерде, БАӘ, АҚШ, Швейцария, Австрия, Сауд Арабиясы корольдігі, ҚХР, Жапония, Үндістан және Беларусь Республикасының павильондарына жақын жерде орналасқан.
Қазақстан павильонының бейнесі дәстүрлі шығыс сәулетінде безендірілген заманауи цифрлық шешімдер мен дәстүрлердің синтезі болып табылады, сондай-ақ Қазақстанның ашықтығын бейнелейді. Павильонның экспозициялық контенті елдің қарқынды дамуын, мәдени саналуандығын, адами және табиғи ресурстарын, сондай-ақ оның туристік, технологиялық және инвестициялық мүмкіндіктерін көрсетеді.
Мейрамхана аумағында Qazaq Gourmet ұлттық тағамдар мейрамханасы және кәдесый дүкені бар, мұнда келушілер қазақтың бірегей тағамдарынан дәм татып, естелік үшін ерекше кәдесыйлар сатып ала алады.
Қазақстанның EXPO көрмелеріне қатысу тарихы туралы
Қазақстан 1997 жылдан бері Халықаралық көрмелер бюросының мүшесі болып табылады және дәстүрлі түрде 1998 жылдан бастап EXPO көрмелеріне қатысып келеді (EXPO 1998 Лиссабон). Қазақстанның Халықаралық және Дүниежүзілік EXPO-ға қатысуы көрме тақырыптарын терең аша білуімен және елдің бай мәдениеті жайлы баяндайтын қызықты экспозициялық контентпен ерекшеленеді. Қазақстанның павильондары EXPO 2008 және EXPO 2015 көрмелерінде марапаттарға ие болды, ал 2017 жылы Қазақстан «Болашақ энергиясы» тақырыбы бойынша EXPO-2017 Astana халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізді.
Дүниежүзілік әмбебап көрмелер 1851 жылдан бері өткізіліп келеді және ең жаңа жетістіктер мен технологияларды көрсететін ең үлкен әлемдік алаң болып табылады. COVID-19 пандемиясы салдарынан көрменің мерзімі 1 жылға кейінге шегеріліп, 2021 жылдың 1 қазанынан 2022 жылдың 31 наурызы аралығында өткізілетін болды. Бұл Таяу Шығыста өтіп жатқан алғашқы дүниежүзілік көрме. Келесі EXPO 2025 дүниежүзілік көрмесін Жапонияның Осака қаласы қабылдайды.
EXPO-2020 Dubai дүниежүзілік көрмесі туралы
EXPO-2020 дүниежүзілік көрмесі Дубай қаласында (БАӘ) 2021 жылғы 1 қазаннан бастап 2022 жылғы 31 наурызға дейін өтеді және COVID-19 пандемиясы басталғаннан бергі алғашқы жаһандық мега оқиғалардың бірі болады.
EXPO-2020 Dubai дүниежүзілік көрмесі – бұл үкіметтер, компаниялар, халықаралық ұйымдар мен азаматтар арасындағы байланыстырушы буын қызметін атқаратын, адамзат прогресін көрсетуге арналған ең ірі алаң. Көрме тақырыбы үш тақырыпшадан тұрады: «Мүмкіндіктер», «Ұтқырлық» және «Тұрақты даму».
Қосымша ақпарат алу үшін kazpavilion.expo@gmail.com электрондық поштасына хабарласыңыз.