«QazExpoCongress» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мен Еуразиялық экономикалық комиссия 2021 жылғы 10 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында Еуразиялық экономикалық форумды ұйымдастыру және өткізу бойынша қызметтер көрсету туралы шартқа қол қойды. Құжатқа «QazExpoCongress» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Владимир Лютов және ЕЭК Хаттама және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаментінің директоры Данияр Турусбеков қол қойды.
Еуразиялық экономикалық форум (ЕЭФ) Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2019 жылғы 11 қазандағы шешімі негізінде жыл сайын, Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінде кезек-кезек өткізіледі. Форум Нұр-Сұлтан қаласында 10 желтоқсанға жоспарланған Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына орайластырылған.
Форумды өткізудің мақсаты – мүше мемлекеттердің экономикалық ынтымақтастығын одан әрі дамыту, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы кооперациялық байланыстарды қалыптастыру және Одақ елдерінің инвестициялық және инновациялық әлеуетін біріктіруден синергетикалық әсерге қол жеткізу, ЕАЭО мемлекеттерінің экспорттық әлеуетін дамыту.
Форум Одақты экономикалық интеграцияның өңірлік бірлестігі ретінде таныстыруға және позициялауға арналған жоғары деңгейдегі сапалы алаңға айналып, кәсіпкерлердің ЕАЭО кеңістігінде тиімді өзара іс-қимылын дамытуға, сондай-ақ халықтың қалың жігін Одақтың қызметі туралы хабардар етуге ықпал ететін болады деп жоспарланып отыр.
Форум көрме және іскерлік бөлімдерді қамтиды. Форумның іскерлік бөлігінің негізгі тақырыптары ЕАЭО-дағы интеграциялық процестердің, оның ішінде Қазақстан Республикасы үшін ерекше қызығушылық тудыратын, еуразиялық кеңістіктегі кооперациялық байланыстарды жетілдірудің неғұрлым өзекті және бизнес талап ететін мәселелері болады.
Көрме бөлімінің негізгі мақсаты – ЕАЭО өндірістік кәсіпорындарының тікелей байланыстарын жолға қою мақсатында, оның ішінде бірлесіп өндірілген өнімді жасау үшін Одақ бизнесмендері арасында байланыстар желісін дамытуды ынталандыру, сондай-ақ Еуразиялық өнімді үшінші елдердің нарықтарына экспорттауды ұйымдастыру және сүйемелдеу бойынша мүмкіндіктерді қалыптастыру.
Форумның көрме бөлімі Одақ елдері қызметінің басым салалары нарығы көшбасшыларының қатысуымен болатын салалық экспозицияларды қамтиды деп болжануда.