13 желтоқсанда Дубай қаласындағы EXPO-2020 дүниежүзілік көрмесіндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық павильонына жарты миллион адам келді. БАӘ Ұлттық кеңесінің БАҚ бойынша журналисі Мансур Ларди есімді мерейтойлық қонақты Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Мадияр Меңілбеков мырза қарсы алды.
«Біз Қазақстан павильонының 500 000-шы келушісін қуана қарсы алдық! Біздің павильон шетелдік қонақтар арасында да, отандастарымыз арасында да өте танымал және көрменің ең танымал 10 павильонының қатарына кіреді. Біздің павильонымыз, яғни біздің еліміз халықаралық аудиторияның үлкен қызығушылығын тудырып отырғанына өте қуаныштымыз», – деп атап өтті Елші өзінің құттықтау сөзінде.
Сыйлық ретінде Мансур Лардиге Қазақстанға екі адамға арналған туристік сапар табыс етілді, оған ұшуы, қонақүйде тұруы және түрлі экскурсиялар кіреді. Саяхат демеушілері «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы, қазақстандық Air Astana әуе компаниясы, Шымбұлақ тау курорты және ML Tour туроператоры болды.
Дүниежүзілік EXPO-2020 көрмесі 2021 жылдың 1 қазанында Дубай қаласында ашылды. Осы уақыт ішінде Қазақстан павильоны ең танымал және келушілер көп келетін павильондар қатарында. EXPO-2020 Dubai ұйымдастыру комитетінің деректері бойынша көрмеге ашылған сәттен бастап 5 миллионнан астам адам келген. Күн сайын ұлттық павильонға орташа есеппен 8 мың адам келеді. Туристік қызығушылықтан басқа, ол халықаралық бизнес топтары арасында жоғары іскерлік қызығушылыққа ие. ҚР Ұлттық павильонының алаңында 30-ға жуық іскерлік іс-шара жоспарланған, оның аясында конференциялар, форумдар, B2B кездесулер өтеді, сондай-ақ елдің инвестициялық және туристік әлеуеті бойынша жобалар, ғылыми және білім беру бастамалары ұсынылады.
Естеріңізге сала кетейік, 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Ұлттық күнін мерекелеу аясында Дүниежүзілік көрмеде қазақстандық сауда-инвестициялық форум өтті, оған ҚР және БАӘ мемлекеттік органдары, іскер топтары, ұлттық холдингтері мен даму институттары өкілдері қатысты. Форум қорытындысы бойынша екі ел арасында стратегиялық құжаттарға қол қойылды.
Ұлттық павильонның контенті көрменің «Ақыл-ойды біріктіріп, болашақты құру» тақырыбын толық ашады және келушілер табиғатпен, тарихпен, мәдениетпен, дәстүрлермен, сондай-ақ ел дамуының перспективалық жобаларымен танысатын саяхат екенін көрсетті. Павильонның мазмұны республиканың туристік және инвестициялық әлеуетін ашады.
Соңғы шоу келушілер арасында ерекше жетістікке ие болды. Роботты қолмен акробатикалық перфоманс адамның жасанды интеллектпен өзара әрекеттесуін және олардың арасындағы тепе-теңдікті іздейтінін білдірді.
Бұдан басқа, күн сайын келушілерге арналған павильонның алдында арнайы жабдықталған ашық алаңда этникалық музыкалық ұжым өнер көрсетуде. Сондай-ақ павильон аумағында орналасқан ұлттық тағамдар мейрамханасы үлкен сұранысқа ие.