19 желтоқсанда EXPO іскерлік орталығының аумағында Қазақстанның бас шыршасының шамдарын жағу салтанатты рәсімі өтеді!
Еліміздің бас шыршасы қалыптасқан дәстүр бойынша EXPO іскерлік орталығының аумағында елорданың ең көрікті жері – NUR ALEM болашақ энергиясы мұражайының түбіне орнатылды.
Салтанатты ашылу рәсімі қазақстандық жұлдыздардың концертімен сүйемелденетін болады. Іс-шараның басталуы сағат 19:00-де.
Естеріңізге сала кетейік, EXPO іскерлік орталығының аумағында сыйымдылығы 200 адамға дейінгі ашық мұзайдыны жұмыс істейді. Мұзайдынның ауданы 1500 шаршы метр. Конькиді 2 сағаттық сеансқа жалға алу құны – 500 теңге, ал өз конькиімен келгендер тегін сырғанай алады. Келушілерге қолайлы болу үшін жылы киім ауыстыратын бөлме және 3 мың көлікке арналған тәулік бойы жұмыс істейтін жерасты паркингі бар. Мұз алаңының жұмыс уақыты жұмыс күндері сағат 12:00-ден 23:00-ге дейін, демалыс күндері сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін.