22 наурызда EXPO іскерлік орталығының аумағында «Наурыз мейрамын» тойлауға арналған халықтық серуен өтеді.
Мереке аясында NUR ALEM Болашақ энергиясы мұражайының етегінде киіз үйлер, сауда шатырлары, түрлі инсталляциялар, ұлттық ойындарға арналған спорттық аймақтар және т. б. орнатылады.
Сонымен қатар, іс-шараларға шығармашылық ұжымдар, би топтары және танымал орындаушылар қатысады, ал іс-шара қонақтарын қазақтың бай ұлттық тағамдары қойылып жайылған дастархан күтеді.
Мерекелік демалыс күндеріне орай NUR ALEM Болашақ энергиясы мұражайы сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істейді.
Айта кетерлігі, EXPO іскерлік орталығының аумағы дәстүрлі түрде елорданың ірі мәдени-бұқаралық іс-шаралары ұйымдастырылып, өткізілетін басты алаңына айналып отыр.