2022 жылғы 22 наурызда Дубай ЭКСПО-2020 дүниежүзілік көрмесінде Қазақстан Республикасының Ұлттық павильонында Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған мерекелік іс-шаралар өтті.
Мереке аясында күні бойы Көрме қонақтары үшін «Ақжелең» және «Тарлан» этно-фольклорлық ансамбльдері, сондай-ақ «Орда» және «Наз» би ансамбльдері әртістерінің қатысуымен бірқатар мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды.
Мерекеге орай Қазақстан Республикасының Ұлттық павильонының алдында киіз үй тігіліп, келушілердің назарына қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын көрсететін театрландырылған қойылым ұсынылды. Сонымен қатар, Павильон қонақтары үшін қазақ және шығыс тағамдарынан дастархан жайылды. Келушілер қазақтың бауырсақ, жент және құрт сияқты дәстүрлі дәмдерін ерекше атап өтті.
Айта кетерлігі, мерекелік іс-шараға танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген қатысты.
Естеріңізге сала кесек, EXPO 2020 дүниежүзілік көрмесі Дубайда 2021 жылғы 1 қазан мен 2022 жылғы 31 наурыз аралығында өтеді және Таяу Шығыстағы алғашқы EXPO көрмесі болып табылады. Көрме тақырыбы «Ойлардың байланысы, Болашақтың Құрылымы» EXPO 2020 Dubai Ұйымдастыру комитетінің деректері бойынша 19 наурыздағы жағдай бойынша көрмеге 20 млн адам келді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық павильоны көрме павильондарының бірі болып табылады және ЭКСПО-2020 Ұйымдастыру комитетінің ақпараты бойынша үздік 10 павильонның қатарына кіреді. Бүгінгі таңда павильонға 1.4 млн-нан астам адам келіп кетті.
Туристік мүдделермен қоса, ол халықаралық бизнес-топтар арасында жоғары іскерлік қызығушылыққа ие болып отыр. Бүкіл кезең ішінде Павильон алаңында 50-ге жуық іскерлік және мәдени іс-шаралар жоспарланған, олардың шеңберінде конференциялар, форумдар, В2В кездесулер өтеді, сондай-ақ елдің инвестициялық және туристік әлеуеті бойынша жобалар, ғылыми және білім беру бастамалары ұсынылады.