Осы сенбіде «Вirge – taza Qazaqstan» республикалық акциясы аясында «QazExpoCongress» ұлттық компаниясының қызметкерлері жыл сайынғы жалпықалалық сенбілікке қатысты.
Іргелес аумақты көгалдандыру және абаттандыру бойынша қалалық бағдарламаны орындау шеңберінде Ұлттық компания қызметкерлері EXPO іскерлік орталығының аумағында 80 жапырақты көшет отырғызды.
Сонымен қатар, қызметкерлер EXPO кешенінің нысандарына іргелес аумақты тазалады.
Айта кетерлігі, «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы аумақты абаттандыруға ерекше мән береді, сондай-ақ қаланың экологиялық бастамаларын қолдайды.
Осылайша, компания EXPO аумағында елорда тұрғындары мен қонақтарының жайлылығы үшін барлық жағдайды жасайды.