16-маусым да Нұр-Сұлтан қаласында «QazExpoCongress» ұлттық компаниясының, ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің және Astana IT University-дің қолдауымен «ITeachMe» құзыреттерді дамыту орталығы» қоғамдық қорының EcoBusinessLab креативті және экологиялық жобасының екінші маусымы басталды.
EcoBusinessLab жобасының негізгі міндеті – экологиялық және әмбебап дизайнды қолдана отырып, оқыту және кәсіпкерлік ортаға тарту арқылы жастарды жұмыспен қамту.
Жобаға қатысуға еліміздің түкпір-түкпірінен келген жастардан 300-ден астам өтінім келіп түсті, бірақ жобаға іріктеу кезеңінің барлық кезеңдерінен сәтті өткен және уәждеменің жоғары деңгейі бар 41 қатысушы ғана өтті.
«Жастардың бойында кәсіпкерлікті дамытуға сұраныс бар және біздің міндетіміз оларға оны дамытуға көмектесу», – деп атап өтті «ITeachMe» құзыреттерді дамыту орталығы» қоғамдық қорының директоры, «QazExpoCongress» ҰК» АҚ Қоғамдық кеңесінің мүшесі Захира Биғалиева.
Жобаның бірінші кезеңі – EcoBootCamp офлайн-лагері Astana IT University алаңында өтіп жатыр. Кәсіби жаттықтырушылардың басшылығымен қатысушылар eco-soft-stаrt-up skills дағдыларына ие болады, ал бұдан әрі оларды қарқынды онлайн оқыту және кәсіби тәлімгерлердің басшылығымен өз жобаларын әзірлеу күтеді.
Осы жылдың соңында өтетін EcobusinessLab жобасының финалында әрбір қатысушы қаржылық салым салу және 1 млн теңге мөлшерінде шағын гранттар алу үшін жобаларының перспективасы жоғары екенін дәлелдеуге мүмкіндік алады.