Енді NUR ALEM болашақ энергиясы мұражайында елорда тұрғындары мен қонақтары жаңа жылдық мереке күндері сиқырлы атмосфераға ене алады.
2021 жылғы қаңтар айынан бастап наурыз айының аяғына дейін, жаңа жылдық мерекелер мен демалыс күндері NUR ALEM қонақтары «Art домбыра» және «Sokol Projekt» музыкалық топтарының, сондай-ақ халықаралық байқаулардың лауреаты Екатерина Ткачуктың орындауында музыкалық шығармаларды тамашалай алады.
Отандық және шетелдік эстрада әуендері мен ырғағындағы ерекше композициялар өзіндік аранжировкада және заманауи өңдеуде домбыра, гитара, шаңқобыз, даңғыра мен пианиноның сүйемелдеуінде орындалады.
Әртістердің өнерін жұма, сенбі, жексенбі және мереке күндері сағат 15:00-ден бастап тамашалай аласыз.
Сонымен қатар EXPO іскерлік орталығының аумағында сүйікті мерекенің негізгі атрибуттары да бар: еліміздің басты шыршасы, ашық мұз айдыны және балаларға арналған сырғанақтар.
Мұзайдынның ауданы 1300 шаршы метр. 2 сағаттық сеансқа коньки жалдау құны 500 теңге тұрады, ал өз конькиімен келгендер тегін сырғанай алады. Келушілерге ыңғайлы болу үшін жылы киім ауыстыратын бөлме және тәулік бойғы 3 мың көлік орнына арналған жерасты автотұрағы қарастырылған. Мұзайдыны күн сайын 12:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді. 31-желтоқсан күні сағат 12:00-ден 21:00-ге дейін, 1-қаңтар күні 13:00-ден 23:00-ге дейін, 2-қаңтар мен 14-қаңтар аралығында 10:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.
NUR ALEM мұражайының жұмыс уақыты жұмыс күндері сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін, демалыс күндері 10:00-ден 21:00-ге дейін, ал 1-қаңтарда мұражай 12:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.