19-21 қазанда Астана қаласында EXPO халықаралық көрме орталығының алаңында Airport EXPO’2022 әуежайлар инфрақұрылымының халықаралық көрмесі өтеді.
Қазақстанда Airport Expo көрмесін өткізу – келешекте азаматтық авиацияны жаңғырту және жетілдіру мәселелерін шешуде елеулі көмек көрсете алатын маңызды және уақтылы іс-шара. Ал Қазақстан астанасының Еуразия жүрегінде тиімді географиялық орналасуы жүк және жолаушылар тасымалдайтын жаңа әуекомпанияларды тарту үшін артықшылық болып табылады.
Көрмеге қатысушылардың географиясы Беларусь Республикасы, Ұлыбритания, Германия, Италия, Қазақстан, Латвия, Польша, Ресей, АҚШ, Өзбекстан, Швейцария, Эстония сияқты елдерді қамтиды.
Airport Expo’2022 көрмесі көрменің негізгі тақырыптық бағыттары бойынша қатысушылар ұсынған жаңа технологияларды, техника мен жабдықтарды қолдану аясын одан әрі кеңейтуге мүмкіндік беретін перспективалы бағдарламаларға бастама береді:
– терминалдарды, ҰҚЖ, инфрақұрылымдық объектілерді жобалау, салу, реконструкциялау;
– әуежайлардағы жер үсті қызметі;
– әуеайлақтарға, жолаушылар және жүк терминалдарына арналған техника, технологиялар және жабдықтар;
– әуежайдағы және әуе көлігіндегі қауіпсіздік жүйелері;
– әуе қозғалысын басқару;
– әуежайлар мен әуекомпанияларға арналған IT және бағдарламалық қамтамасыз ету;
– ұшуға жарамдылық және пайдалану;
– әуежайдың бизнес ортасы және әуежай инфрақұрылымы;
– кадрларды оқыту, даярлау және қайта даярлау;
– әуежайлар мен әуеакомпаниялар;
– бизнес-авиация;
– авиациялық медицина.
Airport Expo’2022 шеңберінде Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы, Алматы халықаралық әуежайы, SITA, «Ленаэропроект» ЖІҒЗӘКИ» АҚ, Rohde & Schwarz, JAKUSZ Sp. z o. o., «SKYMAX TECHNOLOGIES» компаниялар тобы, Техноавиа және т. б. қатысуымен «Ұшу қауіпсіздігінің халықаралық стандарттарын енгізу және әуе жолаушыларына қызмет көрсетудің заманауи технологиялары» атты халықаралық конференция өтеді.
Салтанатты ашылу рәсімі 19 қазан күні сағат 12:00-де өтеді.