2 қараша күні Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шакқалиев Абай облысына келіп, азаматтармен және қоғам өкілдерімен кездеседі.
Халықпен кездесулер өткізу шеңберінде азаматтарды жеке қабылдау, қоғаммен және бизнес-қоғамдастықпен кездесулер өткізілетін болады.
Негізгі іс-шаралар келесі мекенжай бойынша өткізіледі: Семей қаласы, Мәңгілік ел көшесі 11 (Alikhan Bokeikhan University).
Қоғаммен және бизнес-қоғамдастықпен кездесу (кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, қоғамдық кеңестер мен азаматтық сектор өкілдері) сағат 14:00 – 14:50-де, брифинг сағат 15:00 – 15:20-да, азаматтарды қабылдау сағат 15:20 – 15:40-та.
Сондай-ақ сапар аясында «Приречное «Агрофирма» ЖШС (сағ. 11:00 – 11:40) және «Ақшын» базарына (сағ. 12:00 – 13:00) бару жоспарланған.
Сауда және интеграция бірінші вице-министрімен кездесу барысында жолдайтын сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңыз болса WhatsApp-қа келесі нөмір бойынша жібере аласыз: +7 776 714 19 95 (ҚР СИМ) және өңірдегі әріптестерімізге келесі телефон нөмірі арқылы жібере аласыз: +7 705 527 00 62 (Сауле Раева).
Азаматтарды қабылдауға және кездесуге жазылу үшін өңірдегі телефон нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: +7 705 527 00 62 (Сауле Раева).
Ақпараттық жариялау мақсатында іс-шараларға БАҚ шақырылады. Аккредиттеу үшін ақпаратты (аты-жөні мен БАҚ атауы) 1 қараша күнгі сағат 18:30-ға дейін WhatsApp-қа келесі нөмірге жібере аласыздар: +7 776 714 19 95 (Айнұр Әлмұханова).
Анықтама: Азаматтардың кездесулері мен қабылдауларының нәтижелері бойынша мемлекеттік органдардың басшылары құзыреті шеңберінде көтерілген өзекті мәселелерді шешуді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік органдар салалық бағдарламалық құжаттар мен нормативтік құқықтық актілерге түзетулер енгізе отырып, сарапшылардың айтылған ұсыныстарын және барлық өңірлерге ортақ жүйелік проблемаларды талдауды қамтамасыз етеді.
Әрбір министрліктің өңірлік кездесулері мен азаматтарды қабылдау қорытындылары жартыжылдық негізде Үкімет отырыстарында қаралатын болады.
Азаматтарды белсенді қатысуға және Сауда және интеграция бірінші вице-министрі А. Шакқалиевке сұрақ қоюға шақырамыз.