29-31 наурыз аралығында Астана қаласында EXPO халықаралық көрме орталығының алаңында Қазақстандағы маңызды ауыл шаруашылығы іс-шараларының бірі – AgriTek/FarmTek Astana’2023 ауыл шаруашылығының XVIII халықаралық мамандандырылған көрмесі өтеді.
Іс-шара ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Астана қаласы әкімдігінің, Қазақстан Құс өсірушілер одағының және егіншілер одағының ресми қолдауымен өтеді. «ҚазАгроҚаржы» АҚ – көрменің ресми серіктесі.
AgriTek/FarmTek Astana’2023 көрмесінде Ұлыбритания, Германия, Дания, Израиль, Италия, Қазақстан, Қытай, Польша, Ресей, АҚШ, Түркия, Украина, Франция және басқа елдерден 200-ден астам компания ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын, қосалқы бөлшектерді, суару және тыңайтқыштар технологияларын, тұқымдар мен көшеттерді, тыңайтқыштарды, өсімдіктерді қорғау құралдарын, құс және мал шаруашылығына арналған жабдықтар мен технологияларды, мал азығын, ветеринариялық технологияларды және т.б. ұсынады.
Сонымен қатар, көрме аясында ауыл шаруашылығының түрлі мәселелері бойынша конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер жоспарланған.