5-6 сәуірде EXPO халықаралық көрме орталығының алаңында Kazakhstan Security Systems 2023 қауіпсіздік жөніндегі көрмесі мен конференциясы өтеді.
Kazakhstan Security Systems – бұл қауіпсіздік құралдарын өндірушілердің, монтаждау және жобалау ұйымдарының, киберқауіпсіздік саласындағы компаниялардың, мемлекеттік органдардың, күш ведомстволарының және бейінді бизнес-қауымдастықтары өкілдерінің басты кездесу орны.
Көрмеге және оның іскерлік бағдарламасына қатысу әр қауіпсіздік саласы маманының жұмыс күнтізбесіне енгізілген.
Көрменің экспозициясы келесі санаттарда ұсынылады:
– Киберқауіпсіздік;
– Бейнебақылау;
– Периметрді қорғау және кіруді бақылау;
– Өрт қауіпсіздігі;
– Автоматтандыру және диспетчерлеу жүйелері;
– Ұлттық қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қорғау.
Мазмұнды іскерлік бағдарлама көрменің ажырамас бөлігі және индустрияның өзекті мәселелерін жан-жақты талқылауға мүмкіндік береді. «Өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін кешенді қауіпсіздік» конференциясы іскерлік бағдарламаның басты оқиғасы болмақ. Конференцияның басты бағыты – қауіпсіздік жөніндегі кешенді шешімдер, кәсіпорындардың өнеркәсіптік және физикалық қауіпсіздік процестерін цифрландыру. «Cyber & Digital Security» конференциясы – киберқауіпсіздік мәселелері бойынша Қазақстандағы жетекші IT-конференция. Іс-шараны ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті.
Kazakhstan Security Systems өз қатысушыларына өнімдері мен қызметтерін мүдделі тұлғалардың кең аудиториясына тікелей таныстыруға, жаңа әріптестер мен клиенттерді табуға, нарықтағы позицияларын нығайтуға және брендінің танымалдылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Көрмеге қатысуға тіркелу үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз: https://digital-aex.com/registration/reg_kss2023/with_promo_code?code=EXPO.
Көрмеге қатысу мәселелері бойынша көрменің жетекшісі Наталья Леоноваға хабарласуыңызды сұраймыз
Т: +7 7172 64 23 23 (ішкі нөмірі 210)
M: +7 775 333 43 15
E: nl@astana-expo.com
https://kss-expo.kz/