16-17 маусымда EXPO халықаралық көрме орталығының алаңында UNITED PROPERTY EXPO 2023 шетелдік жылжымайтын мүлік көрмесі өтеді.
Көрмеге 12 елдің құрылыс компаниялары мен жылжымайтын мүлік агенттіктері қатысады. Көрмеге келушілерге Түркия, Кипр, Солтүстік Кипр, БАӘ, Португалия, Грекия, Грузия және басқа елдердің 10 мыңнан астам жылжымайтын мүлік объектілері ұсынылады.
Келушілер бастапқы және қайталама нарықта тұрғын үй сатып ала алады, өтімді жобаға инвестиция салуға мүмкіндік алады, сонымен қатар коммерциялық жылжымайтын мүлікке инвестиция сала алады. Барлық ниет білдірушілер салық төлеу, ипотека рәсімдеу, тұруға ықтиярхат алу, азаматтықты инвестиция арқылы алу мәселелері бойынша кеңес ала алады.
Сонымен қатар көрме қонақтарына агенттіктер қосымша опциялар, құрылыс салушылардан жеке ұсыныстар, сондай-ақ мәмілелер жасасу кезінде толық заңды сүйемелдеу сияқты тұрғын үй сатып алудың ерекше шарттары ұсынылады.
UNITED PROPERTY EXPO шеңберінде үздік спикерлер қатысатын ауқымды іскерлік бағдарлама жоспарланған. Екі күн бойы сарапшылар тәжірибесімен бөлісіп, барынша табыс алу үшін қалай және қайда инвестиция салу керектігін айтып береді.
Іс-шараға билетті тегін алу үшін ұйымдастырушылардың сайтында мына сілтеме бойынша тіркеліңіз: https://unitedpropertyexpo.kz/poluchit-bilet?utm_source=pr&utm_medium=website&utm_campaign=expo