«QazExpoCongress» ұлттық компаниясының басшылығы Messe Frankfurt компаниясының президенті және бас директоры Вольфганг Марзин мен басқарушы директоры Стефан Бурмамен екіжақты кездесуі аясында Қазақстанның көрме индустриясы нарығын кеңейту мақсатында ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды. Тараптар Астана қаласында, EXPO іскерлік орталығының аумағында Messe Frankfurt өкілдігін ашу туралы келісімге қол жеткізді.
Тараптардың көрме қызметі саласындағы ынтымақтастығы экономикалық және әлеуметтік бағыттағы бірлескен жобаларды іске асыруда жаңа мүмкіндіктер ашады. Іскерлік орталық аумағының инфрақұрылымы әртүрлі деңгейдегі және форматтағы конгресс-көрме іс-шараларын (форумдар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, іскерлік кездесулер, жәрмеңкелер, презентациялар және т.б.) ұйымдастыруға ыңғайлы. Ол үшін QazExpoCongress компаниясында Конгресс орталығы және EXPO халықаралық көрме орталығы сияқты нысандар бар.
«EXPO іскерлік орталығының аумағында тың идеяларды және ең батыл жобаларды іске асыру үшін бірегей жағдай жасалған. Бүгінгі таңда іскерлік, зияткерлік және шығармашылық белсенділіктің аумағы экономиканың, ғылымның, білімнің, мәдениеттің және жаңа технологиялардың дамуына зор үлес қосуда. Messe Frankfurt компаниясының бірлескен жобалары мен тәжірибесі Қазақстанда ауқымды халықаралық іс шараларды ұйымдастыруға жаңа серпін береді», – деп атап өтті «QazExpoCongress» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Аллен Шәйжүнісов.
EXPO ХКО UFI дүниежүзілік көрме индустриясы қауымдастығының сертификатына ие. Мұнда республикалық және халықаралық көрмелер өткізіледі.
Естеріңізге сала кетейік, Messe Frankfurt компаниялар тобы – бұл Майндағы Франкфурт қаласында көрме кешені және бүкіл әлем бойынша 28 филиалы бар ең ірі көрме, конгресс және іс-шараларды ұйымдастырушы. Messe Frankfurt жыл сайын автомобиль өнеркәсібінен логистикаға, тоқыма бұйымдарынан музыкаға, энергия тиімділігінен қауіпсіздікке дейін – әртүрлі салаларда 100-ден астам халықаралық көрме өткізеді. Компания Майндағы Франкфуртта және бүкіл әлем бойынша халықаралық көрме бизнесі саласында шамамен 800 жыл бойы жұмыс істеп келеді.