15-16 қарашада EXPO халықаралық көрме орталығында XIX Халықаралық Kaztraffic 2023 көрмесі өтеді. Көрме Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің қолдауымен, сондай-ақ Қазақстандағы PIARC Дүниежүзілік жол қауымдастығы Ұлттық комитетінің қатысуымен өтеді.
Kaztraffic 2023 экспозициясында қазақстандық компанияларды қоса алғанда, әлемнің түрлі елдерінен жүзден астам қатысушы ұсынылады. Көрмеге PIARC Дүниежүзілік жол қауымдастығының бас хатшысы Патрик Малежак (Франция), PIARC Дүниежүзілік жол қауымдастығының техникалық директоры Александра Скорупска (Польша), Поляк жол конгресінің президенті Котлярек Збигнев және басқалар қатысады.
Көрме аясында жол құрылысы, автомобиль жолдарын жөндеу, күтіп ұстау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және цифрландыру саласындағы соңғы жетістіктер ұсынылады.
Бұдан бөлек көрмеде қазақстандық және шетелдік спикерлердің қатысуымен іскерлік бағдарлама жоспарланған.