16-17 қарашада EXPO халықаралық көрме орталығында 10 елдің медициналық орталықтары мен сарапшылары емдеу, оңалту, сауықтыру және медициналық туризм бойынша озық қызметтерді ұсынады.
UNITED MEDICAL TOURISM EXPO аясында қонақтарға жетекші компаниялар мен медициналық орталықтардың медициналық инновациялары мен технологияларымен танысуға бірегей мүмкіндік беріледі. Экспозицияда санаторийлердің, SPA қонақ үйлердің және емханалар тізімі мен қызметі ұсынылады. Келушілер сарапшылардан кеңес ала алады және медициналық немесе сауықтыру мақсатында медициналық мекемені таңдай алады. Сондай-ақ іс-шара тәжірибе алмасу, Қазақстан мен басқа елдердің мамандары арасындағы әріптестік келісімдер үшін жаңа перспективалар ашады.
Көрме секциялары озық технологиялар мен емдеу әдістерінен бастап, оңалту бағдарламалары мен сұлулық күтімі қызметтеріне дейінгі әртүрлі медициналық қызметтерді қамтиды. UNITED MEDICAL TOURISM EXPO медициналық туризм саласындағы соңғы үрдістермен танысуға және саланың дамуына ықпал ететін инновациялық тәсілдерді ашуға бірегей мүмкіндік береді.