16 қарашада EXPO Конгресс орталығының алаңында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың қатысуымен «Қазақстандық қамту 2.0» бірінші халықаралық форумы өтеді.
Қазақстанның жер қойнауын пайдаланушылары елішілік құндылықты дамыту бойынша жаңа тәсілдерді ұсынады, нақты экономика салаларының қажеттіліктері үшін ТЖҚ өндірісін оқшаулауды дамыту жөніндегі пайым айтылады, ал халықаралық инвесторлар мен сарапшылар тау-кен металлургия кешеніндегі қазақстандық қамту үлесін арттыру жөніндегі пәрменді шешімдерді әзірлеу үшін тәжірибелерімен бөліседі.
Форум көптеген диалог алаңдарын ашады, сондай-ақ B2B және G2B кездесулерін қамтиды. Іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен екі мыңға жуық делегат қатысады деп күтілуде.
Форум ұйымдастырушылары – «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, «Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы» ЗТБ.