15 желтоқсанда еліміздің басты көрме алаңы – EXPO халықаралық көрме орталығында «Жаңа жыл Fest & Gastromania» жаңажылдық жәрмеңке-фестивалінің ашылуы өтеді.
15-17 желтоқсан аралығында көрме орталығында Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы ұйымдастырған жаңажылдық жәрмеңке-фестиваль өтеді. Жұмыс уақыты сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін.
Жәрмеңке аясында EXPO ХКО қонақтарына мәдени-ойын-сауық бағдарлама ұсынылады: DJ-дің орындауында жаңажылдық музыкалық жинақ, кофе қайнату бойынша баристалар жарысы, жаңажылдық фотоаймақ, Санта Клаус шеберханасы, онда келушілер жаңажылдық ойыншықтар мен сыйлықтар жасау бойынша қызықты шеберлік сабақтарына қатыса алады, Аяз Ата мен Ақшақармен кездесу, шыршаны айнала билеу, тосынсыйлар мен ұтыс ойындары, қазақстандық азық-түлік өндірушілерімен танысу, жаңажылдық тәттілердің дәмін тату, үйді безендірумен және безендірудің ең үздік тәжірибелерімен танысу, достарыңыз бен жақындарыңызға кәдесыйлар мен сыйлықтар, сондай-ақ қысқы киім-кешек сатылымы – осының барлығы мерекелік атмосфераны сезінуге мүмкіндік береді.
Іс-шараның негізгі бағыттары:
– Жаңажылдық безендіру (мерекелік декор, жаңажылдық ойыншықтар мен сыйлық орамасы);
– Гастрономия (тәттілер, кондитерлік өнімдер, өңделген тағамдар, таңсық тағамдар, снэктер, кофеханалар, кафелер мен мейрамханалар);
– Киім (аяқ киім, бас киім, жемпір, қолғап, шұлық және т.б.);
– Сыйлықтар мен кәдесыйлар (тұрмыстық техника мен тауарлар, сыйлық қораптары, косметика және денсаулыққа пайдалы өнімдер);
– Қолдан жасалған тауарлар (ойыншықтар, тоқыма бұйымдары, зергерлік бұйымдар, қолөнер бұйымдары, дизайнерлер мен қолөнершілер).
Жәрмеңке-фестиваль – микро, шағын және орта бизнес өкілдерін (соның ішінде отандық өндірушілер), сондай-ақ қолдан жасалған бұйымдарды ұсынатын қолөнершілерді біріктіруге және қолдауға мүмкіндік беретін әлеуметтік жоба.
Былтыр өткен алғашқы жаңажылдық жәрмеңкеде екі жүзден астам кәсіпорын, оның ішінде жүзден астам қолөнерші жиналды, іс-шараға 26 мыңға жуық адам қатысты. Биыл 200-ге жуық қатысушы мен 50 мың келушіні (кәсіпкерлер, интернет-дүкендер, қолөнершілер және т.б.) тарту жоспарлануда.