Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы EXPO іскерлік орталығы аумағында қыс мезгілінде көңіл көтеруге арналған іс-шаралар ұйымдастырды. Ендігі кезекте бұл алаңда мұзайдын мен балаларға арналған төбешік жұмыс жасайды, сондай-ақ фотосуретке түсуге арналған шағын сәулет мүсіндері мен аймақтар орнатылған.
Болашақ энергиясы мұражайы маңында, әдеттегідей, мұзда сырғанауға арналған алаң ашылған, оның жалпы ауданы 1 300 шаршы метрді құрайды. Жазда бұл жерде роллердром белсенді жұмыс жасағандығын, бұл келушілер үшін жылдың кез келген мезгілінде де белсенді демалу мүмкіндігі ұсынылатынын атап өткен жөн.
Бір сағаттық сеанс үшін конькилерді жалға алу құны – 1000 теңге, ал өз конькиі бар келушілер тегін сырғанай алады.
Мұз айдынның жұмыс режимі:
Дүйсенбі-жұма – сағ. 14:00-ден бастап сағ. 21:45-ке дейін.
Сенбі-жексенбі – сағ. 10:00-ден бастап сағ. 22:00-ге дейін.
Үзіліс: сағ. 16:15-тен бастап сағ. 16:45-ке дейін және сағ. 19:00-ден бастап сағ.19:30-ға дейін.
Сонымен қатар EXPO аумағында мұз төбешіктен де сырғанай аласыз.
Беткей биіктігі 5 метрді құрайды, ұзындығы 14 метрден асады. Тюбингті жалға беруге арналған пункт қарастырылған, оларды екі сағаттық сеансқа жалға алу құны 1000 теңгені құрайды. Төбешік күн сайын демалыссыз және үзіліссіз сағ. 12:00-ден бастап сағ. 21:00-ге дейін жұмыс жасайды.
EXPO іскерлік орталығы аумағында орнатылған жаңа жылдық инсталляциялар мен жарық беретін тізбекті шамдар жайлы атмосфера қалыптастырады. Келушілердің ыңғайлылығы үшін жылынуға арналған пунктілер, күні-түні жұмыс жасайтын жерасты паркингтері мен қоғамдық тамақтандыру орындары қарастырылған.
««QazExpoCongress» ұлттық компаниясы елордамыздың қонақтары мен тұрғындарын бос уақытын отбасымен және балаларымен бірге таза ауада белсенді өткізуге болатын EXPO іскерлік орталығына келуге шақырады