«QazExpoCongress» ұлттық компаниясы Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Дәулет Еркімбаев Қытай делегациясын бастаған Қытай сыртқы сауда орталығының қаржы директоры Ма Фэнминьмен кездесу өткізді.
Кездесу аясында тараптар екі елдің көрме индустриясы саласындағы ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл мәселелері мен перспективаларын, оның ішінде Қазақстанда салалық көрмелер өткізуді, атап айтқанда UFI дүниежүзілік көрме индустриясы қауымдастығының сертификатына ие EXPO халықаралық көрме орталығының алаңында іс-шаралар өткізу мүмкіндігін талқылады.
Тараптардың көрме қызметі саласындағы ынтымақтастығы Қазақстанның көрме индустриясын дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, бұл Қытаймен сауда-экономикалық қатынастарда елеулі серпін береді.
«Біз екі елдің көрме индустриясы мен сауда қатынастарының дамуының жоғары әлеуетін көріп отырмыз. Біздің компания EXPO іскерлік орталығының аумағында бірлескен жобаларды жүзеге асыруда ынтымақтасуға және жәрдемдесуге дайын», – деп атап өтті «QazExpoCongress» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Дәулет Еркімбаев.
Қазақстан Қытайға тауар экспортының, оның ішінде Alibaba және JD.com ірі маркетплейстердегі электрондық сауда бойынша позициясын белсенді түрде арттыруда. Бұл платформаларда ұлттық павильондар да бар екенін атап өткен жөн. Бүгінгі таңда Alibaba платформасында 7500 отандық тауар ұсынылған, ал JD.com алаңында қазақстандық өнімнің 30-ға жуық атауы бар. Олар маркетплейстегі қытайлық 1 млн қолданушысы арасында сұранысқа ие. Сонымен қатар еліміз жыл сайын Қытайдағы импорттық көрмеге қатысып, онда отандық кәсіпорындар тамақ өнеркәсібі мен АӨК өнімдерін ұсынады. Мұндай көрмелерге ҚР Сауда және интеграция министрлігінің және Қазақстандағы ҚХР Елшілігінің қолдауымен қатысады.
Анықтама: Қытайдың сыртқы сауда орталығы (CFTC) – ҚХР Сауда министрлігімен байланысты үкімет қаржыландыратын мекеме, Қытайдың сауда саласын ілгерілетуде маңызды рөл атқарады.
China Foreign Trade Centre Group, Ltd. CFTC-пен үлестес коммерциялық ұйым, негізінен Қытайдың импорт және экспорт бойынша жәрмеңкесін (Кантон жәрмеңкесі деп те аталады) және басқа да ірі мамандандырылған көрмелерді ұйымдастырады. Сондай-ақ әлемдегі ең ірі Canton Fair Complex және Қытайдың солтүстігіндегі ең ірі көрме кешенін – Ұлттық конгресс-көрме орталығы (Тяньцзинь) және көрме құрылысын, қонақ үй қызметтерін, кейтеринг, жарнама, іссапарлар және сауда қызметтерін қоса алғанда, конгресс-көрме қызметінің бүкіл өндірістік тізбегінің бизнесін басқарады.
CFTC Кантон жәрмеңкесін, Қытайдың халықаралық жиһаз жәрмеңкесін, Қытайдың халықаралық ғимараттар мен декор көрмесін, Гуанчжоудағы халықаралық автомобиль көрмесін және т.б. әлемге әйгілі брендтердің көрмелерін ұйымдастырады.