20 маусымда «QazExpoCongress» ұлттық компаниясының қызметкерлері «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» тақырыбы бойынша семинарға қатысты. QazExpoCongress ұжымынан басқа Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы «КазСтандарт» РМК қызметкерлері де оқудан өтті.
Оқыту барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің превенция қызметінің офицері Аслан Айдарханов қатысушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы негізгі реформалармен, іс-қимыл шараларымен, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметтерінің жұмысымен таныстырды.
Оқыту қорытындысы бойынша қатысушы компаниялардың комплаенс офицерлері өзекті тақырыптар бойынша сұрақтар қойып, комплаенс қызметінің жұмысы туралы өз пікірлерін айтты.
Ұлттық компанияның комплаенс қызметі 2022 жылдың қаңтарында құрылған. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, корпоративтік этика талаптарын сақтауға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға жауапты.