«Heart Center Foundation» қоғамдық қоры «QazExpoCongress» ұлттық компаниясымен бірлесіп, 11 тамызда Астанадағы EXPO іскерлік кешенінің аумағында өтетін «Жүрегімнің жеңімпазы» атты жыл сайынғы қайырымдылық жарысына шақырады.
Іс-шара 2012 жылдың тамызында өткен Қазақстандағы алғашқы жүрек трансплантациясына орайластырылған.
Транспланттауды үйлестіру және жоғары технологиялық медициналық қызметтер жөніндегі республикалық орталықтың деректеріне сүйенсек, қазіргі уақытта жүрек трансплантациясының күту парағында 4 мыңнан астам адам кезекте тұр. «Жүрегімнің жеңімпазы» жарыс фестивалі осы адамдарды қолдауға және еліміздегі трансплантология мәселелеріне жұртшылықтың назарын аударуды көздейді.
Іс-шараның бағдарламасы:
Биыл жүгіруде тәжірибесі жоқ, бірақ маңызды миссияны қолдағысы келетіндер үшін 1 км қашықтыққа жүгіруге қатысу мүмкіндігі қарастырылған.
Ұйымдастырушылардың деректері бойынша жарысқа 5000 адам қатысады, оның ішінде белгілі қоғам қайраткерлері, медициналық, халықаралық және жастар ұйымдарының өкілдері, БАҚ өкілдері мен еріктілер бар. Қатысатындарын растаған қонақтар арасында:
Анықтама: Heart Center Foundation қоғамдық қоры – денсаулық сақтау саласындағы жобаларды іске асыратын Қазақстандағы алғашқы эндаумент қоры. Қор Қазақстанның кардиологиялық және кардиохирургиялық қызметін дамытуға бағытталған білім беру, ғылым және ағарту қызметі саласындағы жобаларды қолдайды.