«QazExpoCongress» ұлттық компаниясында Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тіл тағдыры – ел тағдыры» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның мақсаты – тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын насихаттау, компания қызметкерлерінің қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру.
Дөңгелек үстелге тіліміздің дамуына бей-жай қарамайтын, тілдің тағдыры толғандырып жүрген, тіл тағдырына қатысты айтары бар, бөлісетін ойы бар әріптестеріміз қатысып, өз пікірлерімен бөлісті. Қатысушылардың пікірлері қабылданып, қаралатын болады.
Сондай-ақ дөңгелек үстел барысында мемлекеттік тілдегі іс-шараларды өткізуге атсалысқандарды марапаттау рәсімі өтті.
Естеріңізге сала кетер болсақ, Қазақстанда жыл сайын 5 қыркүйекте маңызды мерекелердің бірі – Қазақстан халқы тілдері күні атап өтіледі. Бұл күн елімізде тұратын барлық ұлттардың мәдениеттері мен тілдерінің алуантүрлілігіне құрмет белгісі.