Бүгін «AMANAT» партиясының «Бірлік» қалалық филиалы республикалық халық штабының өкілдерімен бірлесіп «QazExpoCongress» ұлттық компаниясының ұжымымен кездесу өткізді.
Іс-шара барысында спикерлер Қазақстанда атом электрстанциясын салудың маңыздылығы мен қажеттілігін түсіндірді. Сондай-ақ қонақтар қатысушыларды белсенді азаматтық ұстаным танытып, референдум аясында дауыс беруге шақырды.
Айта кетейік, ұлттық компания ұжымы Президенттің әрбір қазақстандықтың игілігі мен еліміздің өркендеуіне бағытталған бастамаларын қолдайды.
Естеріңізге сала кетейік, 2 қыркүйекте Мемлекет басшысы 2024 жылғы 6 қазанда АЭС құрылысы бойынша республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды.
Қазақстанда АЭС салу бойынша референдум осы жексенбіде өтеді. Оған барлық ниет білдірген қазақстандықтар қатыса алады.