21 қазанда Республика күнін мерекелеу қарсаңында «QazExpoCongress» ұлттық компаниясының командасы мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдардың арасында жылсайынғы волейбол турниріне қатысты.
Биыл турнирге 15-тен астам команда жолдама алды. Біздің құрама турнирдің барлық кезеңдерінен кедергісіз өтіп, финалға шықты.
Финалда біздің командаға қарсы №2 қалалық көпсалалы аурухананың құрамасы шықты. Жарыс барысында QazExpoCongress командасы 25:13 есебімен жеңіске жетті.
Біздің құрама чемпиондық атағын қорғап, жарыстың екі дүркін чемпионы атанды.
Ұлттық компания басшылығы жеңімпаздарды құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.