Metis’s тобының концерті
Жыл сайын жаздыгүні EXPO кешенінің аумағында жазғы сахна өз жұмысын бастайды. Мұнда әртүрлі жанрдағы туындыларды орындайтын шығармашылық ұжымдар өнер көрсетеді. Концертке тегін кіруге болады. Іс-шаралардың басталуы сағат 19:00-де.
Осы сенбі, 14 маусым күні жазғы сахна алаңында Metis’s тобы, сондай-ақ Live Band «Хаслбэнд», Нұрдәулет Арыстан және DJ Burlyaev өнер көрсетеді. Іс-шараны Әділет Ахметов жүргізеді.
Концерттің басталуы сағат 19:00-де
Цзянсу провинциясының импорттық және экспорттық тауарларының халықаралық көрмесі
11-13 маусым аралығында EXPO халықаралық көрме орталығында Цзянсу провинциясының импорттық және экспорттық тауарларының халықаралық көрмесі өтеді. Қытайдың ең дамыған аймақтарының бірі экономиканың 12 түрлі саласы бойынша өз өнімдерін ұсынады.
Цзянсу провинциясының импорттық және экспорттық тауарлар көрмесі — Астана — 2025 — халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, жаңа мүмкіндіктер іздеуге және Орталық Азия нарығындағы сауда саласының әлеуетін кеңейтуге бағытталған іскерлік алаң.
Көрме қонақтарына тоқыма өнімдері мен үйге арналған тауарлар, құрылыс, ауыл шаруашылығы және тұрмыстық техника, автокөлік бөлшектері, азық-түлік өнімдері, сондай-ақ медицина, логистика және электрондық коммерция салаларындағы заманауи шешімдер ұсынылады.
Іс-шара инновация саласына бағытталған. Онда аймақтық нарықтың қазіргі сұраныстарына сай келетін ең жаңа өнімдер, заманауи жабдықтар мен озық технологиялар ұсынылады.
Көрменің басталуы сағат 10:00-де
11-13 маусым аралығында EXPO халықаралық көрме орталығында алғашқы EXPOGOODS CENTRAL ASIA халықаралық Экспо-форумы өтеді.
EXPOGOODS CENTRAL ASIA – Орталық Азия, ТМД, Таяу Шығыс, Азия және Еуропа елдері арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамытуға бағытталған ірі салалық алаңға айналады.
Форумға Әзірбайжан, Беларусь, Иран, Қытай, Қырғызстан, Біріккен Араб Әмірліктері, Пәкістан, Ресей, Түркия, Түрікменстан, Өзбекстан және Еуропалық Одақ мемлекеттері сияқты 10-нан астам елден қатысушылар жиналады. Шара ынтымақтастықты нығайтуға, экспорт-импорт белсенділігін ынталандыруға және аймақтағы бизнес серіктестіктерді кеңейтуге бағытталған.
Форум аясында мемлекеттік органдар, бизнес пен халықаралық сарапшылардың қатысуымен өтетін пленарлық отырыстар, панельдік пікірталастар және CEO Talks сынды мазмұнды іскерлік бағдарлама ұсынылады. Қатысушылар халықаралық сауда, логистика, ритейлді цифрландыру және FMCG секторындағы тұрақты даму мәселелерін талқылайды.
11 маусым күні «Astana International Trade Forum» – Орталық Азия елдеріндегі бөлшек сауда мен FMCG секторының болашағына арналған басты салалық шара өтеді. Форумға жетекші сарапшылар, топ-менеджерлер, сауда желілерінің, дистрибьюторлардың, өндірушілер мен мемлекеттік құрылымдардың өкілдері қатысып, сауда саласындағы үрдістерді, сын-қатерлерді және даму стратегияларын талқылайды.
12 маусым күні «Қазақстандық экспорттаушылар форумы-2025» өтеді. Бұл алаң экспорттаушылар мен мемлекеттік органдар арасындағы тікелей диалог үшін маңызды платформа болады деп күтілуде. Шара барысында логистика, сертификаттау, кеден және қолдау шаралары сияқты негізгі мәселелер қаралып, қатысушылар құзырлы ведомствалардан нақты жауаптар ала алады.
13 маусым, яғни форумның соңғы күні Қазақстан Республикасының жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының II съезі өтеді. Бұл іс-шара жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының «QAZ TEXTILE INDUSTRY» ұлттық бірлестігінің 10 жылдық қызметін қорытындылауға, саланы әрі қарай дамыту мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағыттарын анықтауға арналады. Съезде бизнес, мемлекет және СРО «QAZ TEXTILE INDUSTRY» арасындағы өзара іс-қимылдағы проблемалық мәселелер және саланың тұрақты дамуы талқыланады.
Айтулы шара аясында өтетін көрме бөлігі үш күнге созылады. Көрмеде түрлі бағыттардағы өнімдер мен шешімдердің кең спектрі қамтылмақ.
Мысалы, FOOD GOODS & HORECA бөлімінде азық-түлік, сусындар және биологиялық белсенді қоспалар ұсынылады. Ал OUTDOOR HORECA бөлімі қонақжайлық индустриясы кәсіпорындарын жабдықтау мен құрал-жабдықтарға арналады. NON-FOOD GOODS секциясында тұрмыстық және интерьерлік заттар, ыдыс-аяқ, тұрмыстық химия, косметика, гигиеналық құралдар, демалысқа арналған тауарлар мен шешімдер көрсетіледі. Көрменің PRODUCTION & SERVICE блогында қаржылық, логистикалық және бизнеске арналған басқа да қызмет түрлері ұсынылады.
Сондай-ақ көрме аясында пікірталас алаңдары да жұмыс істейді. «HoReCa Forum-2025» үш күн бойы қонақ үй және мейрамхана бизнесінің мамандарын бір алаңға жинайды. Форумға 30-дан астам сарапшы қатысып, өзекті трендтер мен іскерлік байланыстар орнату мүмкіндіктері ұсынылады.
EXPOGOODS CENTRAL ASIA – өндірушілер, ритейлерлер, дистрибьюторлар, инвесторлар және мемлекеттік органдар арасындағы диалогқа арналған бірегей іскерлік платформаға айналады. Шара ұзақ мерзімді серіктестіктер құруға, тиімді келісімдер жасауға және Орталық Азия аймағының экспорттық әлеуетін кеңейтуге бағытталған.
Қосымша ақпаратты https://www.expogoods.kz таба аласыз.
Іс-шараның басталуы сағат 10:00-де
Бұған қоса EXPO аумағында демалыс күндерін белсенді өткіземін деушілер үшін роллердром ашылды. Роллердромның жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 14:00-ден 23:00-ге дейін, сенбіден жексенбіге дейін сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін. Роликтерді жалға алу құны — 2000 теңге, ал өз роликтеріңізбен кіру тегін.
Ал балалар үшін аумақта бірегей ойын алаңы орналасқан саябақ бар. Сонымен қатар EXPO аумағында дәмханалар, мейрамханалар және жерасты тұрағы жұмыс істейді.
EXPO кешені – іскерлік және мәдени іс-шаралар аумағы.