Рок-фестиваль
Осы сенбіде, 21 маусым күні EXPO жазғы сахнасында рок фестиваль өтеді. Ашық аспан астындағы рок концертте «SARY», «The Champions» және «Хаслбэнд» топтары өнер көрсетеді.
Концерттің басталуы сағат 19:00-де, кіру тегін
IL’HAN-ның концерті
Бүгін, 17 маусымда Конгресс орталығында әнші IL’HAN-ның концерті өтеді.
Концерттің басталуы сағат 20:00-де, билетпен кіре аласыздар
M’dee-дің концерті
22 маусымда Конгресс орталығының сахнасында R&B орындаушысы M’dee-дің жеке концерті өтеді.
Концерттің басталуы сағат 20:00-де, билетпен кіре аласыздар
Бұған қоса EXPO аумағында демалыс күндерін белсенді өткіземін деушілер үшін роллердром бар. Роллердромның жұмыс кестесі: дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 14:00-ден 23:00-ге дейін, сенбі мен жексенбі аралығында сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін. Роликтерді жалға алу құны — 2000 теңге, ал өз роликтеріңізбен кіру тегін.
Сондай-ақ аумақта бірегей ойын алаңы орналасқан саябақ бар. Сонымен қатар EXPO аумағында келушілер үшін дәмханалар, мейрамханалар және жерасты тұрағы жұмыс істейді.
EXPO кешені – іскерлік және мәдени іс-шаралар аумағы.