26 қыркүйектен 4 қазанға дейін елорда цифрлық индустрияда тренд қалыптастыратындар үшін тартылыс нүктесіне айналады. Digital Bridge 2025 форумы аясында алғаш рет ауқымды іс-шаралар сериясы – AI Week өтеді. БАҚ өкілдерін инновациялық жобалар мен технологиялардың болашағы туралы аудиторияға алғашқы болып жеткізуге мүмкіндік беретін мазмұнды бағдарлама күтіп тұр.
1 қазан күні (сағат 11:00-де) Astana Hub-тың жасанды интеллект саласында жаңа буын стартаптарын қалыптастыратын флагмандық акселерациялық бағдарламасы – AI’preneurs-тің ашылуы өтеді. Іс-шараның негізгі мақсаты – бағдарламаның үшінші легінің ресми ашылуы, жаңа қатысушыларды мақсаттарымен, мазмұнымен және оқыту форматыyla таныстыру, сондай-ақ тәжірибе алмасуға жағдай жасау. Алғашқы лек түлектері өз жетістік тарихымен бөліседі, жетекші трекерлер Евгений Фролов пен Николай Тян жаңа кезеңнің мазмұнын ашып айтады, ал Cerebra компаниясының CEO-сы Досжан Жүсіпов мотивациялық сөз сөйлейді.
2 қазан күні (сағат 17:00-де) шара Solana Foundation президенті Лили Лю және «Арсеналдың» аңызға айналған футболшысы Сол Кэмпбеллмен кездесуге арналады. Ұйымдастырушы – Solana Superteam KZ. Бұл ерекше оқиға әлемдік Web3 көшбасшыларын, жергілікті IT-қоғамдастықты және дәстүрлі бизнес өкілдерін біріктіреді. Қонақтарды халықаралық сарапшылардың баяндамалары, blockchain-әзірлеу бағдарламасы түлектерін марапаттау рәсімі, Қазақстаннан шыққан алғашқы Solana жобаларының таныстырылымы, сондай-ақ нетворкинг пен жаңа әріптестік мүмкіндіктері күтіп тұр.
4 қазан күні (сағат 10:00-де) TON CIS Hub аймақтық командасының кездесу шарасы өтеді. Бұл команда TON экожүйесін дамытып, стартаптарды, әзірлеушілерді және Web3-командаларды қолдайды. Қатысушылар TON экожүйесімен танысып, жобаларға арналған мүмкіндіктер туралы біледі, белсенді билдерлер мен хаб командасымен байланыс орнатады. Шара аясында TON экожүйесіне шолу, жобаларды қолдау форматтары, экожүйе командаларының табыс тарихы және нетворкинг ұйымдастырылады.
Барлық аталған іс-шаралар AI Week аясында Astana Hub-тың EXPO Іскерлік орталығы аумағында (С4.6 блогы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/8) өтеді.