EXPO жазғы сахнасында 15 тамыз күні сағат 19:30-да Expo Music Fest аясында Батырхан Шүкенов пен «А-Студио» тобының әндеріне арналған кеш өтеді. Концерт қазақстандық көрнекті музыкант Батырхан Шүкеновтің шығармашылығы мен «А-Студио» тобының музыкалық мұрасына арналады.
Концерттік бағдарлама барысында қазақ музыка мәдениетінің маңызды бөлігіне айналған, көпшілік сүйіп тыңдайтын танымал шығармалар орындалады.
Кешке DJ Angel, Ильяс Төлеген, Марал Ками, Аслан Атығаев, Сырым Дүйсембеков, Aslanbi, Кристина Журабекова және Аружан Әшімова қатысады. Концерттің хедлайнері «The Jigits» тобы.
Концерт 15 тамыз күні сағат 19:30-да EXPO бизнес кешенінің аумағындағы жазғы сахнада өтеді. Кіру тегін.
Өтетін күні: 15 тамыз
Басталу уақыты: сағат 19:30
Өтетін орны: EXPO жазғы сахнасы, Астана қаласы
Кіру тегін.
EXPO іскерлік кешенінде өтетін іс-шаралар туралы толық әрі өзекті ақпарат «QazExpoCongress» ұлттық компаниясының ресми сайты мен әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланады.