1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 16 жасқа дейінгі балаларға Болашақ энергиясы мұражайына кіру тегін болады. Экспонаттар, интерактивті қондырғылар, виртуалды шындық аймағы және басқа да контент түрлері балалар мерекесін жасыл технологиялар әлеміне танымдық саяхатқа айналдырады.
Бұл күні мұражайда «Көркем-ай», «Тұмар», «Бастау» хореографиялық ансамбльдері, сондай-ақ Ақмарал Дәулет пен Гүлназ Ермекова сияқты жас өнерпаздардың қатысуымен «Бақытты балалық шақ» атты мерекелік концерт өтеді. Концерттік бағдарламаның басталуы сағат 12:00 мен 15:00-ге жоспарланған. Іс-шара Salem, alem! телеарнасында көрсетілетін болады.
Сонымен қатар мұражайдың бірінші қабатында этнограф-топтамашы Бахаргүл Төлегеннің «Жауһар жәдігер» көрмесі тұрақты негізде өтіп жатыр, онда бірнеше ғасырлық тарихы бар үлкен мәдени құндылықты бейнелейтін бұйымдар ұсынылған.
Мұражайдың жұмыс кестесі сейсенбіден жұмаға дейін сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі, жексенбі және мереке күндері сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін, дүйсенбі – техникалық күн.
Сондай-ақ 1 маусымда EXPO кешенінің аумағында роллердром алаңының ашылуы өтеді. Мереке күні 14 жасқа дейінгі балалар роликті тегін тебе алады. Роллердромның жұмыс уақыты жұмыс күндері сағат 14:00-ден 23:00-ге дейін, ал демалыс күндері сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін. Бұдан бөлек бұл күні жасөспірімдер мен ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін бейімделген бірегей ойын алаңы орналасқан саябақ аймағында серуендеуге де болады.