Бүгін EXPO іскерлік орталығы аумағында республикалық “Бірлік жүгірісі – 2025” марафоны өтті. Іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналды және “30 жыл бірлік – 30 жыл Ассамблея” ұранымен ұйымдастырылды. Халықаралық EXPO көрме орталығының алдында орналасқан автотұрақта 1000-нан астам қатысушы жиналды. EXPO аумағы бүгінде түрлі жүгіру марафондары мен жартылай марафондардың дәстүрлі бастау нүктесіне айналған. Айта кетейік, дәл осы жерде жыл сайынғы Астана марафоны мен “Jüregımnıñ jeñımpazy 2024” қайырымдылық жүгіруі өткен болатын.