8 мамырда Мәскеу қаласында ХШЖК аумағындағы «Қазақстан» сауда-көрме орталығында Жеңіс күніне арналған іс-шара өтті.
Павильонға келген қонақтарға отандастарымыз ұсынған материалдар мен мұрағаттардан құралған мәңгілік полктің фотосуреттері ұсынылды.
Бұдан бөлек мерекелік концерт ұйымдастырылды. Онда соғыс жылдарындағы әндер мен өлеңдер шырқалып, би биледі. Сонымен қатар «Сталинград: бейбітшілікке жол» спектаклінің қойылымы өтті.