«QazExpoCongress» ұлттық компаниясының ұжымы «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» көктемгі экологиялық айлығына қатысты.
Экоайлық аясында компания қызметкерлері EXPO іскерлік кешенінің аумағында сенбілік өткізді: кешен объектілеріне іргелес аумақты тазарту жұмыстары мен санитарлық-экологиялық іс-шаралар жүргізілді.
«QazExpoCongress» ұлттық компаниясы қаланың экологиялық бастамаларын жыл сайын қолдап келеді және аумақты абаттандыруға ерекше мән береді. Осылайша компания елорда тұрғындары мен қонақтарының EXPO аумағында жайлы жүріп-тұруы үшін барлық жағдай жасайды.
Мемлекет басшысы өз үндеуінде көшелерді тазарту, елді мекендердің аумақтарын көгалдандыру және абаттандыру, сондай-ақ жолдарды ретке келтіру жөніндегі науқанды жүргізудің маңыздылығына назар аударғанын атап өткен жөн.
Естеріңізге сала кетейік, «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» көктемгі экологиялық айлығы 11 мамырға дейін өтеді.